Ел тыныштығы - ең басты мақсат

(0 Votes)

Өскелең ұрпақ — еліміздің болашағы. Ел болашағы үшін Қазақстанда жүзеге асып жатқан елеулі оқиғалар есепсіз. Бүгінгі бейбіт күніміз, жеткен деңгейіміз күнделікті өмірімізде көрініс беруде.

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының жүзеге аса бастағаны елдегі тұрақтылықты танытса керек. Ал, Тұңғыш Президент стратегиясындағы «100 мектеп, 100 аурухана» жобасы түгелдей дерлік іске асырылды, ел толық компьютерлендірілді.

Жалпы алғанда, қазақстандықтар қазақ елінің тыныштығына, мемлекетіміздің баяндылығы жолында қызмет етіп жүр. Ел халқы Отанымыздың тыныштығын, Елбасы саясатының жемісін көріп жатыр. Олай болса, тұрақтылық пен бейбіт өмірді қалайтын еліміздің әрбір азаматы алдағы Президент сайлауына біркісідей қатысарына сенеміз. Бізде айқындық пен нақты іске ұмтылу үшін бір шешімге келіп, ел Президентін сайлау міндеті тұр. Олай болса, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуінде аталған сайлауға жауапкершілікпен қарау туралы мәлімдемесін қолдаймын.

Әсима МЕНДАЛИЕВА,

аудандық мәслихат депутаты. ауданның "Құрметті азаматы".

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521