Ойы күңгірт адамның ниеті бұзылады

(0 Votes)

Дін – кез келген жеке адам, қоғам, ұлт өміріндегі ең маңызды фактор. Дін, сенім болмаса, үлгілі мәдениет құру да мүмкін емес. Тарихта дінге немқұрайлы қараған мемлекеттер қанша алып болса да, ұзақ салтанат құра алмаған. Ал бүкіл адамзат тарихында Ислам дінінің алар орны ерекше.

Оның ғылым мен білім, мәдениет пен өркениеттің сарқылмас кәусар бұлағы екендігін әлем әлдеқашан мойындаған. Мың жылдан астам уақыттан бері ата-бабаларымыз осы ислам дінін ұстанып, жоғары бағалап келеді.

Ислам — барша адам баласын бейбiтшiлiкке, амандыққа, ешкiмге соқтықпай тыныш өмiр сүруге шақыратын дiн. Сондай хақ дiнiмiз жер бетiнде нағыз адамгершiлiктiң, гумандылықтың, сыйластықтың рухын жайып, алауыздыққа, қантөгiске, қастық пен дұшпандыққа тыйым салғаны да мәлiм. Адамзат баласына жақсылықты түсiндiрiп, көркем мiнездi кемелiне келтiрсiн, жүректердi тазартсын деп Алла тағала адамзаттың ең ардақты тұлғасы пайғамбарымыз Мұхаммедтi (с.а.у.) таңдап, пайғамбар еттi. Демек, Ислам дiнi тыныштықты бұзу үшiн емес, бұзақылықты тыю үшiн жiберiлдi. Тарихқа үңiлсек, Исламға дейiнгi араб қоғамы «қараңғылық дәуiрi» деп аталды. Олай аталуының да жөнi бар болатын. Себебi, араққұмарлық, маскүнемдiк, парақорлық, нәпсiқұмарлық, зинақорлық, арсыздық секiлдi кесiр мiнездердiң бәрi де ол кездегi араб дүниесiнiң күнделiктi көрiнiсiне айналған болатын. 

Толығырақ газетіміздің №15 санынан оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521