Ел қорғаны болуға дайындық

(0 Votes)

Ұлы Жеңістің 73 жылдығы және ҚазССР еңбек сіңірген ұстазы әрі соғыс ардагері Ораз Сарғұнановтың туғанына 100 жыл толуына орай аудандық әскери-патриоттық клубтар слеті өтті.

Жас ұрпақ бойына отаншылдық және патриоттық сезімді ұялату мақсатын көздеген шара көк туымызға құрмет көрсетіліп, әнұран шырқаумен басталды. Оқушылардың әскери қызметке дайындықтары сыналды. Олар саптық жүру, тұру мен әскери ән, медициналық алғашқы көмек көрсетуден өзара жарысқа түсті. Бірде арқанмен жоғары өрлесе, бірде мергендіктерімен танылды. Сын сағатта кздесер кедергілерден де өтіп көрді. Осылайша, жас өрендер әскери сынақтың дәмін татып, жеңіске ұмтылды.Әскери киім киіп, сарбаздықтың қызығына енген жастардың көзінен жалын байқалды.

 

Ертең ел қорғаны болар өр рухты ойға жиып, бойды шынықтырады. Сайыс қорытындысы бойынша жекелеген оқушылар: Г.Шалқар, Э.Салимова, Н.Зинулла, Н.Мәтжан, Ж.Орынбасарова, Т.Тілеужанов және Н.Нұғыманов белсенді әрі ширақтығымен танылды. Сондай-ақ, С.Шарипов және О.Сарғұнанов орта мектебінің командалары ұйымшылдығымен, ал командалық есепте О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің жас сарбаздары үздік шығып І орынға, Х.Санбаев пен Абай орта мектептерінің өрендері 2,3-орындарды иеленді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521