Жолаушылармен кездесті

(0 Votes)

Мақат стансасы жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері «Волгоград-Ташкент» бағытындағы жолаушылар пойызы жолаушыларымен кездесіп, жолаушылар арасында құқықтық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ювеналдық полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры А.Клышбаева, көліктегі ішкі істер департаментінің жолаушылар пойызындағы ілесіп жүру батальоны, взвод командиры полиция лейтенанты М.Жарманов, «Волгоград-Ташкент» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығы Т.Ариповпен бірлесе өткізген кездесулерде «Қазақстан Республикасының келіп-кету ережелері», «Теміржол көлік нысандарында қауіпсіздік шараларын сақтау», «Кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен жасалған теріс іс-әрекеттердің жауапкершілігі» егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ, сәуірдің бірінен мамыр айының 31-іне дейін өтетін «Бекіре-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасының мақсаты қоса түсіндірілді.

Кездесу барысында жолаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға құқық қорғау қызметкерлері жауап берді.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521