Ел бірлігі – ең асыл қасиет

(0 Votes)

Қазақ елінің біртұтас-тығы мен өзара ішкі бірлігі Елбасының қалыптастырған сарабдал саясаты арқасында мүмкін болды. Еліміз бейбітсүйгіш, біртұтастығы берік мемлекет ретінде өзге елдерге үлгі болды. 

Тәуел­сіз Қазақстан бүгінде өзін тату­­лық пен келісімнің мекені ретінде дәлел­деп, бейбіт өмірдің бесігіне айналып отыр. Мемлекетімізде Қазақстанды Отаным деп қабылдаған әр түрлі ұлт өкілдерінің өзара достық пен татулықта өмір сүруіне барлық жағдай жасалды. 

Әр ұлтқа өз ана тілін меңгеріп, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жаңғыртуда және мәдениеті мен әдебиетін дамы­туда қамқорлық көрсетіліп, жұмыстар жетілдірілу үстінде. Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылдардағы Жолдауында ел бірлігін сақтауға баса көңіл бөліп келеді.

«Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деген еді. Бүгінгі Қазақстанның жеткен жетістіктері мен алған шыңдары бірліктің арқасы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет», – деген Н.Назарбаевтың тұжырымы Отанын сүйген әр азаматтың жүрегінен орын тепті.

Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Мемлекет көшбасшысы қалыптастырған еліміздің тәуелсіздігінің тұғырын әрқашан биік ұстауға тиістіміз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз одан әрі жарассын. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі – біздің еліміздің ең басты байлығы. Бірлігімізді ардақтай білейік.

С.ТЕЛЕУБАЕВА,

аудандық аналар кеңесінің төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521