Еліміздің мәртебесін көтерді

(0 Votes)

Елбасымыз Н.Назарбаевтың қазақ еліне жасаған үндеуінде: «Мен оңай шешім қабылдаған жоқпын»- деп, тәуелсіз Қазақстанның өсу-өркендеуі жолында алғаусыз еңбегінің баянды болашағы үшін батыл қадам жасап отырғанын баяндады. Әрине, тұңғыш Президентіміздің елі үшін жасаған еңбегі орасан. Себебі, іргесі бүтін, бейбіт еліміздің тыныштығын сақтап келетін Елбасына халықтың алғысы зор.

Н.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен еңбек сіңірген азамат. Қоғамның дамуы мен ұлт болашағына жанашырлығы ана мен балаға қамқорлық жасау бағытындағы бағдарламалары аясында жүзеге асып отыр. Өйткені, тіршілігіміздің бастауы анаға деген құрмет, салауатты ұрпақ тәрбиесіне қолдау тәуелсіз мемлекетіміздің бақуатты тірлігін айқындайды. Осыны сезінген аналардың өтініш-тілегі ешқашан қалыс қалған емес. Еліміз аман, халқымыз тыныштықта өмір сүріп келеді. Қоғам қайраткерінің көрегенді саясатымен жүзеге асып отырған мемлекеттік бағдарламалар осыған дәлел. Әрине, ел арасында түрлі қаңқу сөздер айтылып жатады. Десек те, ел бастау оңай шаруа емес. Тәуелсіздік алған жылдан бастап, еліміздің мәртебесін көтеріп, әлемдік аренада танытқан тұлғаға аналық жүректен алғыстан бөтен айтарым жоқ. Қазақ елінің тағдырын тәжірибелі қоғам қайраткері Қасымжомарт Тоқаевқа табыстауы да тұңғыш Президентіміздің көрегенді ісі деп, сеніммен қабылдаймыз. Сондықтан, Н.Назарбаев бағыт берген саясат сара жолдан жаңылмайтыны кәміл.

Тойған ҚОНАРБАЕВА,

Еңбек ардагері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521