Доссор кентінде Наурыз мейрамы тойланды

(0 Votes)
Доссор кентінде Наурыз мейрамы тойланды

Наурыз мейрамы - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы.

 Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды.

Мерекелік шараның алғы сөзі кент әкімі Қосмағамбетов Аслан Елеусінұлына беріліп, кент тұрғындарын наурыз мерекесімен құттықтады. Әрі қарай Доссор мәдениет үйі көркем-өнерпаздары дайындаған "Төрлет, әз-Наурыз!" атты мерекелік шараға ұласты.

Шара соңында Доссор кент әкімі Қосмағамбетов Аслан Елеусінұлы,киіз үй тігіп,шараға белсенділігін көрсетіп ,атсалысқан мекемелерге өз алғысын білдіріп алғыс хат пен сыйлықтарын табыс етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521