Бәйгетөбеде полиция бекеті қолданысқа берілмек

(1 Vote)

 Бәйгетөбе ауылдық округінде өңір басшысы жаңадан салынған учаскелік полиция бөлімшесінің ғимаратымен танысты.

Жаңа бөлімшенің салынуына тұрғындардың санының артуы себеп болып отыр дейді мамандар. Жалпы өңірде үш учаскелік полиция бекеті жұмыс жасайды. Ал, жаңадан салынған бұл бекетті жергілікті кәсіпкер мемлекеттен қаржы алмай, өз күшімен салған. Кейіннен полиция департаментінің балансына беріледі. Жаңа нысанның бір ерекшелігі, тұрғын жайы да бар.

Атырау облыстық ПД ЖПҚ бастығы Әлібек Қайыров өңірде негізінен мұндай 34 бекет салу жоспарланғанын айтты. Алтауы тұрғын үйсіз салынса, қалған нысандар толықтай үймен қатар салынады екен. Қазір 20 нысанның құрылысы аяқталған.

img_5495

Бәйгетөбедегі жаңа ғимараттың құрылысы толықтай аяқталды. Полиция бекеті қажетті  техникамен және бейнебақылау камераларымен қамтамасыз етілген.

Жаңа нысан қолданысқа берілген соң 1800 тұрғыны бар ауылдық округ полиция бөлімінің жіті назарында болады.

М.Ізтұрғанова

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521