Теңіздіктер тұрғызған балабақша

(1 Vote)

Бұдан кейін сапар Доссор кентінде жалғасты. Алдымен «ТеңізШеврОйл» компаниясының қолдауымен жаңадан салынған екі қатарлы 280 орындық «Ботақан» ясли-бақшасына табан тіреді.

Жалпы аумағы 2799 шаршы метрді құрайтын бөбекжай заманауи стандартқа сай салынған. Ғимараттың іші толықтай заманауи құрылғылармен, жаңартылған білім беру талабына сай жабдықталып, әр бөлмеде интерактивті тақта мен сенсорлы үстел үсті планшеттер қойылған. Мұндағы медициналық блок пен үйірме, спорт залдары, ас ішетін, кір жуатын бөлмелер толықтай қажетті құралдармен жабдықталған. Балғындардың қауіпсіздігі үшін лифт қондырылған. Балалардың жатын орны да сапалы жиһаздармен жабдықталған.

img_5412

Бұл бөбекжай қолданысқа берілсе, 89 маман жұмыспен қамтылып, кезектегі балалар саны айтарлықтай азаяды.

img_5420

Жалпы кентте 329 балғын балабақша кезегінде тұр. «Қауіпсіздікке, жайлылыққа баса мән беріп, балалардың дамуына қажет барлық жағдайларды қарастыру керек. Нысан құрылысы аяқталған, енді дайын болса уақытында іске қосу қажет»-, деді Махамбет Досмұхамбетов.

img_5424

Қазіргі таңда нысанды жергілікті әкімдіктің балансына беру жұмыстары жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, мердігер мекеме балабақша аумағын абаттандырып, қосымша Жастар аллеясын салып берген болатын. Жаңа жыл қарсаңында пайдалануға берілген алаңда арнайы тынығу орындары жасақталып, автотұрақ салынған. Бұл демалыс орны қазірдің өзінде тек жастардың емес, аудан тұрғындарының да серуендейтін жеріне айналды. Кенттегі жаңа өзгерістерге өңір басшысы  оң бағасын берді.

img_5427

Одан әрі облыс әкімі кенттегі Мақат мұнай және газ технологиялық колледжіне барды.

img_5442

Колледж ұжымы және студенттермен кездесіп, тыныс-тіршілігімен танысты.

img_5450

Мұнайды тікелей өңдеу шағын қондырғысы, бұрғылау қондырғысы – УБ, СКН-2 теңселмелі станогінің жұмыс жасау жүйелерімен танысты.

img_5461

Колледждің практикалық бөліміндегі механикалық өңдеу цехы, электрмен дәнекерлеу цехы, тігін цехтарын аралап, жаңартылған құрал-жабдықтармен танысты.

img_5480

Колледж жұмысына сәттілік тіледі.  

М.Серікқызы

Суреттер автордікі 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521