"Қазақ балалары мұнайшылықты оқысын"

(0 Votes)

«Эмбанефть» тресінің басқарма төрағасының орынбасары Сабыр ШарІпов 1928-29 жылдардағы өндіріс жайы туралы баяндамасында 7 жаңа мұнай кенішінде жұмыс жүріп жатқандығын, олардың қатарында: Ескене, Сағыз, Байшонас, Бек-бике, Оңтүстік Мақат, Новобогат, Қаратон, сондай-ақ, Бесбөлекте жұмыс басталатыны жөнінде айтылады.

Десе де, барлау жұмыстары кезінде барлық кеніштердің әзірге пәлендей нәтиже берерін таныта қоймағандығын, ал, оңтүстік Мақаттағы 202 скважинадан газдың көп мөлшердегі бұрқағы және осы оңтүстік Мақат пен Байшонас кенішінің үстіңгі қабатынан мұнайдың мол көкжиегі анықталған.

«Ауданның дамуы үшін көп мәселенің шешімін таба алмай жүргендігі табылған мол өнімді алуға да өз кесірін тигізген. Өйткені, көп жерлердің сортаң әрі тұзды болғандығы скважиналар арасындағы байланыс, көліктің қатынасы үшін көп қиындық тигізуде. Сонымен бірге, поселкедегі жағдай да нашар. Әлі дами қоймаған. Мұнда жұмыс жүру үшін жұмысшылардың жатын орны, олардың жағдайы қарастырылуы қажет еді. Олар әзірге жоқ» деп баяндалады есепте. Сонымен бірге алдағы бесжылдықта яғни, 1928-29 жылдар мен 1932-33 жылдары ауданды дамытуға жағдай жасау қажеттігі айтылады.

Сонымен бірге жалақы мөлшерін де жыл сайын 5 пайызға дейін өсірудің артықшылығы жоқ. Өйткені жұмысшылар оған әбден лайық деп көрсетілген құжатта. Ал, тұрғын үйлер үшін бөлінетін қаражат мөлшерін де көбейтіп, әр жұмысшыға тиісті мөлшердегі тұрғылықты ауданын өлшеп, сол мөлшермен үй салып беруді жөн деп табады. Шетелдіктердің Орал-Ембі ауданындағы мұнай мөлшерінің шектен тыс көп екендігін болжауы бұл жердегі мұнай қорын толық зерттеуді және оған көбірек мән беріп, терең бұрғылауды уақыт ұттырмай, бастауды күтеді. Сондықтан, қолда бар мүмкіндікті мейлінше ыждағатты пайдаланып, мұнай қорын пайдалануға бар күшті салу қажет.

С.Шаріповтің осы есебінен соң айтылған мәселелер дер кезінде қолға алынып, мұнай өндіру көлемі 100%, бұрғылау 100% жүрді. Сонымен бірге бірқатар ауқымды шаралардың жүзеге асуына ілкімді қадамдар жасала бастады.

Толығырақ газетіміздің № 13 санынан оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521