Күзет мықты болса, үй тоналмайды

(0 Votes)

Пәтер ұрлығын жасауға қатысы бар адамдарды анықтауға, ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында 2019 жылдың наурыз айының 18-20 күндері аудан көлемінде «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында, меншікке қарсы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасын алдын алуға түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін Мақат ауданы ПБ-мен 2019 жылдың 2 айында аудан тұрғындарымен 10 кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тұрғын үйлерде болатын ұрлықтың көбі дерлік үй иесінің ұзақ уақыт үйде болмауы салдарынан орын алуда. Осыған орай, үйіңізден басқа жаққа қарай кететін ойыңыз болса, жақсы араласатын көршіңізге немесе туыстарыңызға үйіңізді тапсырып кеткеніңіз дұрыс. Сондай-ақ үйді күзетке өткізіп, подъездерге консьерждер қою жұмыстарын қолға алып, сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйлерді электрондық код құлпымен немесе домофон жүйесімен жабдықтап, үйлер мен аулалардың айналасын бейнебақылауға алған жөн болады.

Егер сіздер еріксіз пәтер ұрлықтарының құрбаны болсаңыздар, онда ұрланған заттарды толығырақ сипаттауға тырысыңыздар. Бұл – полиция қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді және ұрланған затты заңды иесіне қайтаруға мүмкіндік береді. Осылайша, қарапайым ережені сақтай отырып, пәтер ұрлығының алдын алу біздің қолымыздан келеді. Күдік тудырарлықтай жағдайларға душар болсаңыз, аудандық полиция бөліміне хабарласыңыздар.

Б.УСПАНОВ,

аудандық ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521