Автобус жүргізушісіне айыппұл салынды

(0 Votes)

Шілденің 16-18 жұлдызы аралығында ауданда республикалық «Автобус» жедел-профилақтикалық іс-шарасының жоспары жасақталып, жолаушы тасымалымен заңсыз айналысқан такси, мекеме автобустарына және шағын автобустар жүргізушілері тарапынан жолда жүру ережесін бұзушыларды анықтау үшін тас жолдарда рейдтік шаралар өткізілді.

Көші-қон қызметкерлерімен бірлесіп республика автожолдарында заңсыз көшіп-қонушылар мен жолаушыларды заңсыз тасымалдау, лицензиялау нормаларының бұзылуы, еңбек және демалыс режимінің бұзылу деректері анықталды. Сондай-ақ, жолаушыларды тасымалдау келісім-шарты жоқ, рейс алдындағы және медициналық байқаудан өтпеген, заңсыз қайта жабдықталған автобустарды және техникалық жағдайы мен құрылысы жол жүрісі қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар және заңсыз такси құқық бұзушылықтарын анықтауға ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында «АтырауТрансКомпани» ЖШС-нің автобусының жүргізушісі рейс алдындағы медициналық куәлендіруден өтпегені анықталып, аталған серіктестіктің жауапты қызметкерін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін облыс басшылығына хабарлама жолданды. Көлік құралдарының техникалық жай күйінің нормативтік талаптарына сай емес жолаушылар автокөліктерінің пайдалануына тиым салынып, жалпы іс-шара барысында 36 құқық бұзушылық анықталды. Олардың жолда жүру ережелері мен құқық бұзушылық әрекеттеріне сай Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекс баптарымен айыппұл салынды.

Жедел-профилактикалық іс-шараларының өткізілуі барысында АІІБ-нің қызметкерлері арасында заң бұзушылықтарға жол берілмеді.

А.НҰРМАНОВ,

АІІБ –нің жергілікті полиция бастығы, полиция мойоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521