Ауылымыз қоқып кетті

(0 Votes)

Тазалық табалдырықтан басталады дегенді санамызда сақтап, бала-шағамызға да осы тәрбиені беріп келеміз.

Десек те, үйден шыққан қоқысты тиісті нысанға жеткізгенімізбен, ауыл ішінің шашылып қалатыны қынжылтады.

Біз Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты ПМС ауылының тұрғындары ауыл ішінің жиналмайтынына налимыз. Себебі, ай сайын қоқысқа ақы төлеуді ауыз сумен бірге уақтылы орындап отырсақ та, жауапты мекеме ауылға сирек келеді. Әрине, қоқыс бар жерде түрлі инфекциялық жағдай шығып қалу қаупі туындайды. Абырой болғанда қыс айының ауа райы иістің өршуіне кедергі болып тұр. Алда жаз айларында осы кебімізбен жалғасатын болсақ, тыныс алудың мүмкіндігі болмай қалатыны сөзсіз. Сонымен қатар, тазалық болмаған жерде мәдениет те болмасы анық. Әбден қоқыс қордаланып, қалғанға дейін тұяқ серіппейтін жауапты мекеменің әрекеттері міндетті түрде бірнеше мәрте округ әкімдігіне телефон шалумен зорға келтіріп жүрген жайымыз бар. Осы мәселенің оң шешімі табылар ма деген үмітпен газетке хабарласуымызға тура келді. Себебі, атқарушы билік өкілдері тұрғындар арасындағы осы бір түйіткілді мәселені зерделеп, оң шешімі табылар деген үміттеміз.

Ө.БОЗДАҚОВ,

ПМС ауылы тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521