Әдемі кештің шаттығы

(0 Votes)

Қамқоршылық қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

Осы орайда, «Бақ-Ырыс» мейрамханасында аудан әкімдігінің қолдауымен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жаңа жыл мерекесіне орай 17-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға мерекелік кеш өтті.

Кешке аудан әкімінің орынбасары Х.Төлеуішов жиналған ерекше балалармен олардың ата-аналарын келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, болашаққа сенім және жан байлығын тіледі.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа жылдық ерекше кеш өтті. Мерекені тойлау барысында балалардың көңілдері көтерілгені соншалықты, мүмкіндігі шектеулі жандардың әдемі кештің шаттығын сезінген жүздерінде тек қуаныштың лебі байқалып тұрды. Ертегі кейіпкерлері жаңа жылдық кештің шырайын нұрландыра түсті.

Аяз ата мен қарша қызды сағына күткен балалар мерекелік тақпақтары мен әндерін айтып, сыйлыққа кенелді.

Бұл күні балаларымен келген ата-аналар үшінде ерекше кеш болып, ризашылықтарын білдіріп жатты.

Мерекелік іс шараға аудандағы 50 бала қатыстырылып, жаңа жылдық қаржылай сыйлықтарын табыстады.

Шара соңында қонақтарға дәм ұсынып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

А.МАСАТҚЫЗЫ.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521