Аудан әкімі Ринат Ибрагимовтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

(0 Votes)
Аудан әкімі Ринат Ибрагимовтың Наурыз мерекесімен құттықтауы

Сіздерді тіршілігін табиғатпен тығыз байланыстырған халқымыздың Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыc пен берекенің арқауы саналатын Наурыз – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер кезең.

Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге жаңаша мәнге ие болып келе жатқан бұл күн барлық қазақстандықтар үшін жалпыхалықтық сүйікті мерекеге айналды.

Ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылық, достық қарым-қатынас пен игі дәстүр дәріптелетін күн еліміздің бірлігін нығайтып, берекесін арттырады. Қоғамның ынтымағын жарастырып, адамның жан-дүниесін жадырататын Ұлыстың ұлы күнінде халқымыз «Жаңа жыл» келді деп қуанып, тек жақсылық тілеп, тек жақсылықтан үміт күтеді ғой. Ендеше ғасырлық тойын тойлағалы отырған аудан халқына жаңа жетістіктер, молшылық тілеймін.

Төрге енгелі тұрған Ұлу жылында ел тыныш, іргеміз бүтін болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт пен береке салтанат құрсын демекпін.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ринат ИБРАГИМОВ,

аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521