Ашуланшақ ұрпақ өсіп келеді

(0 Votes)

Қазіргі таңда өзекті мәселеге айналған бір құбылыс - ол өзін-өзі өлтіру фактісінің көп тіркелуі. Солардың арасында қыршынынан қиылып, жастықтың жарқын өміріне балта шабатын жасөспірімдер көбейіп отыр.

Жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің әрбір үшіншісі – қалыпты құбылысқа айналды. Шырт етпе мінездің қайтуы қиындап, соңы өкінішке әкеледі. Нақтырақ айтсақ, олар өлгісі келмейді, тек осы әрекеттерімен өздеріне назар аудартқысы келеді. Мамандар мұның өте қауіпті құбылыс екендігін айтады. Мәселеге орай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінде «Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында психолог мамандармен кездесу өткізілді.

Шараға Доссор селолық ауруханасының психологі Гүлмирам Утегенова, О.Сарғұнанов атындағы орта мектебінің психологі Асия Жаңбырбаева, С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты психологі Злиха Халидуллина және Доссор кенті білім беру мекемелерінің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Кездесу барысында Г.Абайқызы қорқынышты құбылыс статистикасына тоқталып, суицидтің шығу себептерін баяндады. Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алудың жұмыс нысаны мен әдістері туралы теориялық ақпаратпен бөлісті. А.Жоламанқызы және З. Отарқызы оқушылармен шүйіркелесіп, олардың эмоционалдық жай-күйін, жасөспірімдердің мазасыздану деңгейін бақылады және күйзелістік жағдайлардың алдын алудың жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ, қосымша тренинг жаттығуы және сергіту сәтті өткізіліп, оқушылардың көңіл күйін көтерді.

Кездесу соңында оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдірді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521