Ардагерлердің шаңырақтарына барып құттықтады

(0 Votes)

Мереке қарсаңында аудан әкімі Жұмабай Қарағаев және Доссор кентінің әкімі Асылбек Әбілғазиев Доссор кентіндегі бір топ тыл ардагерлерінің шаңырақтарына арнайы ат басын бұрып, мерекелерімен құттықтап шықты. 19 ардагерге құттықтау хат тапсырып, сый-сияпат көрсетті. Аудан әкімі ардагерлердің хал-жағдайын сұрап, Жеңіс күні қарсаңында құттықтай келгендігін айтты.

Айсұлтанова Үміт әжей өздеріне көрсетіліп жатқан құрмет үшін ризашылығын білдірді. Соғыс миллиондаған баланың балалық шағын ұрлағанымен, Жеңіс рахат өмір мен жарқын болашақ сыйлағанын айтты. Жеңіс үшін қан майданда ер азаматтар шайқасса, жас балалар мен әйел-аналар еңбек даласында үлес қосып, бейбіт күннің – Жеңіс күнінің байтақ далаға жетуіне аянбай тер төккендігін мәлімдеді.

Сый-құрметке ие болған барлық тыл ардагерлері аудан басшылығына ризашылықтарын білдіріп, барша жұртқа береке-бірлік, татулық, жарқын болашақ, ашық аспан және бейбітшілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521