Жанұя жарастығын тіледі

(0 Votes)

Мақат кенті әкімдігінде жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайларға салтанатты түрде неке куәлігі табыс етілді.

Оған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Г.Утешова, Мақат кенті әкімінің орынбасары С.Хамидуллина, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Р.Тайшекенова, ахат бөлімінің бас маманы Г.Биташева қатысты.

Жас жұбайларға Р.Тайшекенова жүктілікті жоспарлау, тұрмысқа шыққан қыздың бала сүюі, жүктіліктің қалыпты өтуі және ең бастысы, денсаулығы мықты сәбидің дүниеге келуі туралы толығырақ мәлімет берді. Одан әрі қатысушылар құттықтау сөзімен қатар, некелесуші жастарға заңмен белгіленген нысандағы салтанатты неке қию рәсімінің өткізілу маңыздылығы туралы насихат жүргізді. Сонымен бірге жастардың бойынан еліне деген патриоттық сезімінің берік орнығып, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға шақыру бүгінгі уақытта шаңырақ құрушы жастардың отбасын нығайтуға себеп болатыны мамандар тарапынан насихатталды.

Салтанатты шарада Г.Биташева отау көтергелі отырған жұптарды өміріндегі жауапты сәттерімен құттықтап, игі тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521