Алғыс алған арымас

(0 Votes)

Дүниедегі ең үлкен марапат – ол қарапайым халықтың берген бағасы мен алғысы. Біз үшін ең бастысы – халыққа адал қызмет ету.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Мақат ауданының бөлімі наурыз айының алғашқы күнінен бастап әр тұтынушыға орталық қызметіне жүгінгені үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, бұл күні дайын құжатын алуға келген Қызболды Қуанованы бөлім атынан құттықтап, естелікке сыйлық табыстады. Анасы Ляззат Мурзаева да разы болып, ерекше ілтипатты қабыл алды. Бөлім жұмысына оң баға беріп, ақ тілегін жаудырды. Алғыс күнімен басталған айдың орталық үшін жемісті жалғасын табары сөзсіз.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521