Бес адамды пойыз басып кеткен

(0 Votes)

Байгетөбе мектеп балабақша кешенінде Мақат стансасы мекемесі ұжымы теміржол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жиын ұйымдастырды. Жиынға атқыштар командасы бастығының орынбасары К.Шынбаев, Мақат стансасы желілік ішкі істер бөлімшесінің аға сержанты Ө.Мустафин, ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары қатысып, қауіпсіздік шаралары туралы кеңес алды.

Балалар өмірінің қауіпсіздігін сақтау, оқушыларды теміржол аймағында өте абай болуға шақырады. Мәселен, қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында стансаға кіре берісте дауыс зорайтқыштың көмегімен келіп-кетіп жатқан пойыздардан өзге маневрлік қозғалыстар, вагондарды қосу – ағыту туралы да үздіксіз хабарланып тұрады.

Өткен жылдың қозғалыс қауіпсіздігінің сараптама қорытындысы бойынша өкінішке орай, Қазақстан теміржолы аймағындағы станса жолдарында пойыз табанына түсіп қалған 20 оқиға тіркелген. Биылғы жылы да оңтүстік өңірлерде осындай 5 оқиға жүк тасымалы бөлімшелерінде орын алған.

Станса жолдарына жақын жердегі мектептердегі оқушылармен, ауыл тұрғындарымен қайғылы оқиға болмас үшін түсіндіру жұмыстарымен рейдттік бақылау шаралары ай сайын жалғасын табуда. Сол мезгілде теміржол ережелерін сақтамаған тұрғындарға қатаң шара алыну да ескертіледі. Жиында ата-ана, мектеп басшылары, тәртіп сақшылары, қоғам болып бұл іске атсалыспаса, қайғылы оқиғадан арылуымыздың қиындығы туралы жіті түсіндірілді.

Бәйгетөбе мен Мақат кентінің аралығына ауыл тұрғындарымен жасөспірімдер тек теміржол үстіндегі көпірімен өту керектігі қатаң ескертілді. Жалпы ереже бойынша теміржол бойында бөгде адамдардың жүруіне тыйым салынған. Cақтықты санадан шығарып, өкінішке ұрынып жүрген жайттар өмір бойы өзекті өртейтінін тұрғындар естен шығармаса дейміз. Сөз соңында олар ауыл тұрғындарына бөгде адамдар арасында қателіктің болдырмай, белгіленген жерден өтулерін ескертеміз.

М.БАСАНОВ,

Мақат стансасының бастығы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521