Әкім адалдық алаңында қабылдады

(0 Votes)

Аудан әкімдігіндегі «Адалдық алаңы» кеңсесінде кезекті қоғамдық қабылдауды аудан әкімі Шәкір Кейкин жүргізді.

Азаматтарды қабылдауға сондай-ақ жауапты бірнеше бөлім басшылары қатысты. Қабылдауға келген  азаматтардың негізгі жүгінген мәселесі  көп балалы аналардың атаулы көмек алу мәселесі болды. Сонымен қатар, тұрғын үй, жұмыс, жер және әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

adaldyq-1

Екі сағат уақытта кент тұрғындарының өтініштерін тыңдаған әкім оларды шешу үшін жауапты сала басшыларына тиісті шараларды  қабылдауды тапсырды. Әрбір тұрғынның мәселесі маңызды екенін айтқан аудан басшысы қабылдауына келген кез келген азамат өздерінің ой-пікірлері мен өтініштерін еркін айтуына жағдай туғызды.

adaldyq-2

Сондай-ақ, қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқталып, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

adaldyq-4

Қабылдау барысында аталған мәселелер бойынша өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті сала басшыларына тапсырмалар берді.

Түстен кейін қабылдау Доссор кентінде жалғасты.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521