Айналаң таза болмаса, көңілде маза болмайды

(0 Votes)

Көктемгі санитралық тазалықтың екі айлығы басталғалы аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жалпы санитарлық ахуал бір жүйеге келе бастады.

Олай деуіміздің себебі, тұрғылықты мекенін күтіп ұстау мақсатында ұйымдастырылып келетін сенбіліктер ауыл тазалығына үлкен жауапкершілікпен қарауға септігін тигізіп отыр. Сенбі күні аудан әкімі Жұмабай Қарағаев бастаған жұмысшы тобы жұмыла жұмысқа кірісті. Әрбір тұрғын ауыл тазалығына жанашырлық танытқанда ғана істің нәтиже беретіні сөзсіз. Бұл күні «Локомотив» ауылы тұрғындары ұйымшылдық танытса, тазалыққа жауапты «Кабулов» ЖШС-і 6 техниканы жұмылдырды. Сол сияқты «ДоссорМұнайГаз» өндірістік басқармасы да бар техникасымен ауыл тазалығы үшін белсене кірісті. Мақат желілік өндірістік басқармасы, «ГазЭнергоЖөндеу» басқармасы, сондай -ақ теміржол мекемелері мен аудандағы Доссор кенті, Бәйгетөбе ауылдық округінің мекеме кәсіпорын ұжымдары да осы сенбілікте белсенділіктің үлгісін көрсетті. Алайда, сенбілікте Мақаттағы станса маңы жиналмады. Бұл – бір ғана мысал. Әрине, кейбір ұжымдардың салғырттық танытып, ауыл тазалығына мән бермейтіні жасырын емес. Ортақ іске жұмылудан жауапты басшының қызметі көрінеді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521