Ағалар еккен ағашты сәбилер саялайды

(0 Votes)

Өткен жұмада Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында Доссор кентіндегі «Байбақты ата» саябағына тазалық жұмыстары жүргізілді.

Тазалық жұмыстарына: ардагерлер, кент әкімдігінің қызметкерлері, кент мектептерінің жоғары сынып оқушылары және ұстаздар атсалысты. Шара барысында «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді негізге алған жаңа акция бастау алды. Игілікті іс аясында кент ардагерлері немерелерімен бірлесіп, жас көшеттер отырғызды. Бірге тал егіп, жасыл желектің көбеюіне үлес қосты. «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» демекші, бүгінгі жас шыбық ертең-ақ жайқалған алып бәйтерекке айналары сөзсіз. Бұл әрине ауданымызды көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына да айтарлықтай серпін бермек. Ардагерлердің жанды бастамасы - құптарлық іс.

Сондай-ақ, шара барысында қыздар талдың діңгегін әктесе, ұлдар саябақтың іші-сыртын тазалап, тер төге қызмет жасады. Кент әкімдігінің қызметкерлері де жұдырықтай жұмыла іске кірісті. Осылайша, еңкейген қарттармен оқушылар білек сыбана кірісіп, саябақ ауласын тазалауға өз үлестерін қосты.Тазалық жұмыстарынан кейін, оқушылар футбол ойнап, жолдастық кездесу өткізді. Жылқышиев Сайын (кент тұрғыны): -Бүгін жақсы игі істі қолға алып жатырмыз. Ата мен немере арасындағы ұлттық этнопедагогикалық тәрбиені жандандыру, оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында қолға күрек алдық. Бұл шараның Байбақты ата бабамыздың бағында басталуының да өзіңдік үлкен мәні бар. Елді, жерді көгалдандыру үшін жас өскінді немерелерімізбен бірге ектік. Бұл -жас ұрпаққа өнеге. Балаларды тазалық жұмыстарына жұмылдырып, белсенді өмір сүруге тәрбиесі мол шара.

М.ІЗТҰРҒАНОВА, суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521