Мереке күнгі салтанат

(0 Votes)

“Бірлік болмай, тірлік болмас”. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Қазақстан халқы 1 мамырда ынтымақ пен бірлік күнін тойлайды.

Айшықты мереке ауданымызда да кең көлемде аталып өтілді. Жылдағы қалыптасқан дәстүрге сай аудан тұрғындары, мекеме-кәсіпорын қызметкерлері, мектеп ұжымдары аудан Сәтпаев көшесі бойындағы аллеяға ағылды. Әуезді ән көңілді тұрғындардың мерекелік көңіл-күйімен үндесіп, мейрамның шырайын аша түскендей. Жайдары күнгі салтанатты шараны аудан әкімі Берікқали Жоланұлы мерекелік құттықтаумен ашты. -Шуақты мерекеде, әрбіріңіздің шаңырақтарыңызға шаттық, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақ-береке тілеймін.

Қазақстан халқының берекелі бірлігі жарасып, әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Ынтымақ мерекесі құтты болсын!- деді аудан басшысы. Аудандық мемлекеттік мекеме, кәсіпорын қызметкерлері, желілік өндірістік басқармасы, бала-бақша,мектеп т.б ұжымдары орыс, грузин, кәріс, қырғыз, беларус, татар,өзбек, әзірбайжан,тәжік, украин, түркімен ұлттарының ән мен биінен шашу шашып, салт-дәстүрін насихаттайтын сәттерін сахналады. Барлық ұлт өкілдерінің өнері бір шаңырақ астында көрсетіліп, берекелі ғұмыр кешкен сан ұлыстың бейбіт өмірі, келісімі мен жарасымы қойылымның ауқымында айғақталды. Бейбітшіліктің символына айналған ақ көгершін құсы көкте қалықтады.

Бірлік мерекесіне аудан өнерпаздары да белсене ат салысты. Өнер мектебінің балғындары да барын салып,өнерімен қалың көрерменді тәнті етті. Салтанатты шара соңында мерекеге ат салысқан ұжымдарды аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің атынан басшысы Б.Ермеков алғыс хатпен марапаттады. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бокс және еркін күрес спорт түрлерінен көрініс көрсетіп, мерекелік думанды спорттық додалармен жалғастырды. Әлбетте, қазақтың көне тарихының қай парағын ашсаңыз да, халықтың ұлы армандарының алдында елдің бірлігі, татулығы тұрады.

Г.ҚАНАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521