Жат діннің жетегіне ергендер

(0 Votes)

Жат ағымның арбауына түсіп, өмір соқпағында өкініште қалып жатқандар қаншама?!

Бұл жат қылықтың бәрі де адамның өз ой-санасына, өз шаңырағынан алған тәлім-тәрбиеге байланысты болса керек. Өткен апада Доссор мәдениет үйінің көркемөнерпаздары аталмыш мәселені алдын алу мақсатында «Шүкіршілік» және «Адасқандар» театрландырылған көрінісін сахналап, көрерменнің назарына ұсынды. Қойылымда әсіресе, жастардың қарасы көп болып, олар зейін қойып, ой елегінен өткізіп тамашалады.

Сахналанған қойылым ата-анаға, мектеп оқушыларына, студенттерге, жастарға ой салатын шығарма болды. Көркемөнерпаздар оқиғаны өте тартымды, мазмұнды жеткізіп, көрерменді бірден ой құшағына алып кете білді. Қойылым тура жолды үндейтін, жастарымыздың өз ата-анасына қарсы келмей, тас жүрек перзент болмауға шақыратын туынды. Діннің теріс бағытын қабылдап жүрген жастарымызға дұрыс жолды насихаттайтын қойылымнан көрермендер ерекше әсер алып тарқасты. Шара соңында Доссор кенті мешітінің бас имамы Елдос Мүсілімұлы жиналған көрерменге ғибратты, өнегелі әңгімелерімен бөлісіп, көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521