Жастар эссе жазды

(0 Votes)

«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы».

Осы тақырыппен аудандық Жастар ресурстық орталығы №6 кітапхана филиалында эссе байқауын өткізді. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай өткен байқауға Х.Санбаев, Л.Шахатов, М.Баймұханов және Бәйгетөбе бөбекжай-балабақша кешенінің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Елбасының еліне деген сүйіспеншілігі мен атқарған қызметі жөнінде жастар өз ойын жеткізді.

Қорытындылай келе, басжүлдені 11 сынып оқушысы Амантаева Гауһар (М.Баймұханов орта мектебі), І орынды 10 сынып оқушысы Аюпова Дильназ (Х.Санбаев орта мектебі) және 8 сынып оқушысы Ақмурзина Мөлдір (Л.Шахатов орта мектебі), ІІ орынды 10 сынып оқушысы Сәлімгереева Гүлназ (Х.Санбаев орта мектебі) және 10 сынып оқушысы Жақсыбергенова Ақерке (М.Баймұханов орта мектебі), сондай-ақ ІІІ орынды 8 сынып оқушысы Тасбулатова Құралай (Бәйгетөбе бөбекжай-балабақша кешені), 9 сынып оқушысы Аманова Фариза және 8 сынып оқушысы Жангазина Аяулым (М.Баймұханов орта мектебі) иеленді. Қалған қатысушыларға белсенділік танытып қатысқандары үшін алғыс хаттар табысталды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521