ТШО кәсіп үйренуге қолдау танытпақ

(0 Votes)

Мақат кентіндегі Х.Санбаев атындағы орта мектептің акт залына жұмыс іздеуші һәм білім алу үшін бағын сынап көруге бір топ аудан азаматтары мен көршілес Қызылқоға ауданының жастары жиналды.

 Бұлардың бас қосуына басты себеп болған "ТШО" ЖШС-нің жұмысшылар санатын оқыту және кәсіби дайындауға деген жанашырлығы еді. Бұл - өткен жылдың 28 маусымында аталмыш кәсіпорын мен  Атырау облысы әкімінің қатысуымен өткен 2019-2020 жылдары Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері бойынша кездесуінде орнатылған уағдаластыққа сәйкес, облыстың еңбекке жарамды халқының қатарынан  2020 жылы 700 адамды кәсіби даярлау және қайта даярлау бағдарламасымен  қамтамасыз ету үшін жасап жатқан ТШО-ның кезекті  қадамы.

img_5825

Алдымен компания өкілдері жиылғандарға оқу барысының жүру кестесін көрсетіп, олардың жатын орындары мен асханасына дейін таныстырды. Барлығы бір тиынсыз.  Құбыр монтаждаушы, металл конструкцияларды монтаждаушы, дәнекерлеуші, электр монтаждаушы сияқты басқа да кәсіп түрлері мердігерлік оқу орталықтары базасында жүзеге асыру жоспарланған.  

img_5840

Компаниядан келгендер үш айға созылатын оқудан кейін, мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету нақты қарастырылмағанын баса айтты. Алайда кәсіпорындарға жұмысқа кіруге барынша ықпал етеміз деп сөз берді. Бұған әсіресе көршілес Қызылқоғадан келгендердің көңілдері аса тола қоймады. Жол ақысын өз қалтасынан төлеп келгендердің жанайқайының жаны бардай. "Үш ай бойы бала-шағамыздан жырақ оқу оқып, уақытымызды сарп еткен еңбегімізге ертеңгі күні ешқандай жұмыс алмай қалса" деп алаң.

img_5846

Бүгіннен бастап басын ашып алған ТШО-лықтар жалпы бұған дейін бітіргендердің 40 пайызы жұмысқа орналасып, кейбіреулері өз кәсібін бастап кетті, біз тек білім алып, кәсіпті сауатты меңгерсе деген ниеттеміз, жұмысқа кіру-кірмеулеріңіз өздеріңіздің ептіліктеріңізге байланысты деп  жауап қатты. Ал аудан бойынша алдын ала тестілеуге жетпіске жуық өтінім түсіп, үміткерлер бақтарын сынап көрді.      

 А.САДЫКОВ 

   Сурет автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521