Талпынған жетер мұратқа

(0 Votes)

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» арқылы ел ішінде кәсіпкерлікке кең өріс ашу көзделген.

Бұл бағыт бойынша бағдарламаға қатысушылар «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негізінде оқытылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік бағдарламаларға қолдау көрсетіледі.

Енді осы «Бастау Бизнес» оқу бағдарламасына кеңірек тоқталсақ,  жоба  аясында 197 адам қатысуға өтініш беріп, 188 адам жобаны аяқтаған. Өз жобаларын қорғаған 108 тұлға 200 АЕК негізінде қаржыландырылған (12 несие, 66 бастау, 30 жастар).  «Бастау Бизнес» оқуының VI топ түлектері арасында қолөнер бұйымдарымен, аспаздықпен айналысатын қатысушылар өз өнімдерін апта сайынғы Доссор, Мақат кенттерінде өтетін ауыл шаруашылық өнімдері  жәрмеңкесіне алып шығып, таныстырды да.

Қайтарымсыз қаражатқа ие болғандар қазіргі уақытта өздерінің жоспарлары бойынша қажетті заттарын алып, жұмыстарын бастауда. Соның ішінде   Баян Ідірісова қайтарымсыз қаражатқа ие болып, Мақат кенті орталығынан  «Kozaiym» атты массаж студиясын ашқан.

 

Толығырақ газетіміздің кезекті санынан оқи аласыз!

А.ТАУМҰРЫНОВА

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521