Ақсақалдар ой бөлісті

(0 Votes)

Өткен аптада «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңес төрағасының бірінші орынбасары Өмірзақ Озғанбаев ауданда іссапармен болып, ардагерлермен кездесті.

Жиынға аудан әкімі Жұмабай Қарағаев төрағалық етіп, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.Мұхамбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов қатысты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы өзекті мәселенің жүзеге асу жайында ой қозғаған ақсақалдар рухани жаңару сатысындағы елдің жағдайын әңгіме етті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болатын Елбасының тарихи сананы жаңғыртуға бағытталған ұсыныстары мемлекетіміздің нығаюына септігін тигізетініне толық сенімдімін. Өйткені тарихын білген ел ғана өткеннен сабақ алып, жарқын болашаққа жол тауып жетістіктерге жетеді. «Ұлы даланың жеті қыры» ұрпақтар мақтанатын, арғы тектерін әлемге батыл әрі айқын насихаттайтын құжат», – деді Ө.Озғанбаев.

Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов аудандық ардагерлер кеңесі еліміздің бағыт-бағдарын, Елбасының саясатын қолдап, оны халыққа түсіндіруде белсенділік танытып келетіндігін тілге тиек етті. Жиында ауыл үлкендері өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521