«Samǵaý» жобасы алғашқы түлектерін дайындады

(0 Votes)

Облысымызда тұңғыш рет тамыз айынан бастап «Samǵaý» жобасы жүзеге асқан болатын. Оқыту, жұмысқа орналастыру және лайықты жұмыс жасау үшін жасөспірімдер мен жастардың дағдыларын дамытуға бағытталған «Samǵaý» жобасы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылы бастамасы аясында жүзеге асырылды.

Аталмыш жобаны «Атырау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Қазақстандағы БҰҰ «ЮНИСЕФ» балалар қорының қолдауымен «Жастар қызметкерлер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды. Жобаның мақсаты облыстағы  ауыл жастарының өмірлік маңызды дағдыларын арттыру болып табылды. Оған өңірдің әр ауданынан екі мыңға жуық жас қамтылды.

                                                     whatsapp-image-2019-12-03-at-10_23_36 

Жобаның алғашқы кезеңінде облыстың жеті ауданынан келген 21 жас халықаралық және республикалық тренерлердің сабағына қатысып, аймақтық тренер атанды. Тренинг барысында қатысушылар жастармен жұмыс істеу әдістері, жаттықтырушылардың құзыреттері мен бейресми білім қағидаларымен танысты. Аудан бойынша жобаға қатысқан Әйгерім Қангереева және Мөлдір Ізтұрғанова аймақтық тренер атанған болатын. Аталмыш жобаның екінші кезеңінде олар ауданның 10 жасын оқытып, ауыл тренерлерін дайындады. Ауыл тренері атанғандар тренерліктің қыр-сырын меңгеріп, бейресми білім қағидалары, жұмысқа орналасу дағдыларын, цифрлық құзірет қағидаларын үйреніп, өмірге қажетті білімдерін жинақтады.                                                     

Аталмыш жоба 30 қараша күні қорытындыланып, Атырау қаласында «Samǵaý» жобасының түлектер форумы өтті. Форумға оқыту тренингтерін аяқтаған екі жүзге жуық жастар, сондай-ақ Атырау облысының аймақтық және ауылдық тренерлер, республикалық, аймақтық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, жастар ісі саласындағы сарапшылар мен тренерлер қатысты. Түлектер форумында жобаны бағалау және қатысудағы тәжірибе алмасу бойынша шағын топтармен жұмыс, мастер-кластар, мотивациялық спикерлермен кездесулер өтті.

img_8030

Форум барысында жастардың өзекті тақырыптарына 10 параллельді спикер өз мотивациялық сағатын жүргізді. Онда жастар "Болашақ мамандықты қалай таңдау керек?", "Стартап жобаларда табысқа қалай жету керек?", волонтерлік пен мүмкіндіктер, журналистика, СММ, спорт, бизнес, Шешендік өнер (ораторлық) шеберлігі мен көшбасшылық, әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыптары бойынша сөз қозғалды. Форум соңында ауданның аймақтық тренерлері Мөлдір Ізтұрғанова және Әйгерім Қангереева жобаны жүзеге асыруға белсенділік танытқаны үшін  «Жастар қызметкерлері қауымдастығы» ҚБ төрағасы  Нұрлыбай Оразалыұлы және Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Қабылұлының алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, форумға қатысқан барлық аудан жастары сертификатқа ие болды.

Материалды толығымен газетіміздің кезекті санынан оқи аласыздар.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521