Мақатта «ATYRAU QUIZ» ойыны өтті

(0 Votes)

Шілде айының 25-і күні аудандық жастар ресурстық орталығының ғимаратында «ATYRAU QUIZ» ойындарының аудандық іріктеу кезеңі өтті.

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өткен шараны «Жеті жарғы» қоғамдық қоры мен «Жастар Рухы» жастар қанатының Атырау облыстық филиалы ұйымдастырды.

Облыстық ойынға берілетін үш жолдамаға ауданымыздың алты командасы таласты. Олар: жастар ресурстық орталығының «ЖасStar», Л.Шахатов атындағы орта мектептің «Number one», Доссор мәдениет үйінің «Өнерлі жастар», аудан әкімдігі қызметкерлерінің «Мегамозг», аудан еріктілерінен құралған «Кеттік, поехали, let’s go» және құрамында әртүрлі сала өкілдері бар «BasTime» командалары еді.

Алдымен барлық командалар «Кіріспе» турында тест жауаптарын белгіледі. Кейін сөзжұмбақ шешіп, суреттерге қарап кинофильмдердің атауын тапты. Ал ойынның екінші бөлігінде бір тақырып аясындағы сұрақтар мен қисын сұрақтардың шешімін тауып, ақтық мәреде сенімді жауаптарына бәс тікті.

Тартысты өткен куиздың нәтижесінде үшінші орын «Өнерлі жастар», екінші орын «Кеттік, поехали, let’s go» және бірінші орын «BasTime» командасына бұйырды. Барлық жүлдегерлер 9 тамыз күні облыстық ойында аудан намысын қорғайтын болады.

«Облыс жастарының зияткерлік білім деңгейін арттыру мақсатында «ATYRAU QUIZ» жобасы бастау алған болатын. Қазіргі таңда ойындар жеті аудан мен Атырау қаласында ұйымдастырылуда. Iріктеуден өткен 22 команда келесі кезеңге жолдама алады. Облыстық куиздың жүлде қоры - 500 000 теңге», - дейді «Жеті жарғы» қоғамдық қорының төрағасы Абылай Құрметұлы.

А.Жұмабекұлы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521