Ауданда кезекті рет “BasTime” куизі өтті

(0 Votes)

Аудандық жастар ресурстық орталығында кезекті «BasTime» қазақша куиз ойыны ұйымдастырылды.


Әдеттегідей ТесТез, Сөзжұмбақ, Суретті үш әріп, Тақырып, Үшімдік, Бәстайм секілді алты кезеңнен тұратын сайысқа барлығы 4 команда қатысты.

Олар: бұған дейінгі екі ойында жеңімпаз атанған «Кеттік, поехали let s go», күміс жүлдеге қол жеткзіп үлгерген «Джомолунгма», әкімдік қызметкерлерінен құралған «Джеки Чандар» және отбасылық «Жауғашты» командалары.

Тартысты өткен бәсеке нәтижесінде әкесі мен үш баласы ойнаған «Жауғашты» командасы үздік үштікке ілікті. Мұғалімдер мен дәрігерден құралған «Кеттік, поехали let s go» осы жолы екінші, ал екі-ақ адамнан тұрған «Джомолунгма» бірінші орынды алды.
«Командалар белгілі бір себептерге байланысты кейде аз болып қалғанымен біз куиз өткізуді жалғастыра береміз. Бастысы ауданымызда интеллектуалды ортаны қалыптастыру жолында қол ұшын созатан жандардың қатары көбейсе екен дейміз», - дейді ұйымдастырушылар.


А.Жұмабекұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521