Атырауда жастар күніне орай жайдарман ойындары өтті

(0 Votes)

Кеше, Махамбет атындағы қазақ академиялық драма театрында көңілді тапқырлар клубы арасында Атырау облысының Кубогы үшін республикалық фестиваль өтті. Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылған дүбірлі додада он команда бақ сынады. Уытты әзілдерімен күлдіріп отырып ой салатын «жайдарманшылар» арасынан 1-орынды (1 млн.теңге сертификат) көршілес Орал қаласынан келген «Талант» құрамасы жеңіп алды. Ал, «Үздік ойыншы» болып «Индер» құрамасынан Бірлес Бакетов танылды. Жас буын өкілдерін айтулы мерекемен облыс әкімінің атынан оның орынбасары Марат Мурзиев құттықтап, ойын қатысушыларына сәттілік тіледі.

– Қазақтың біртуар тұлғасы Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін!» деп жас буын өкілдеріне үлкен үміт артқан еді. Яғни, тәуелсіз Қазақстанымыздың өркендеуіне үлес қосатын – жастар. Сондықтан, бұл саланы дамытуға айрықша мән беруіміз керек. Жалпы, жастар арасында ұлттық идеологияны қалыптастырып, сана-сезімді оятуда «Жайдарман» ойындарының алатын орны ерекше. Демек, бұл шара да атыраулықтарға жақсы көңіл-күй сыйлайды деп сенемін, – деді Марат Мурзиев.

Кеш жүргізушісі, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ президенті Есен Елеукеннің айтуынша, бұл ойынға көршілес Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарымен қатар сонау Алматыдан келген командалар да сайысқа түсті. Тартысты тапқырлар додасында 3-орынды оралдық «Европолюс» құрамасы, 2-орынды атыраулық «Жерұйық» құрамасы қанжығасына байлады.

Айбөпе САБЫРОВА 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521