Қасым-Жомарт Тоқаев Физули қаласына барды

(0 Votes)
Қасым-Жомарт Тоқаев Физули қаласына барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын Физули қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады.

Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралап көреді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын жазған болатынбыз. Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевты Әзербайжан Президенті «Загульбада» қарсы алды.

Екі елдің өзара қарым-қатынасы және Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжанға сапарынан не күтуге болатынын тілшінің шолуынан оқи аласыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521