Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды

(0 Votes)

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Махамбет Досмұхамбетов Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.

59 жастағы Махамбет Досмұхамбетов бұған дейін энергетика министрінің орынбасары қызметін атқарып келген. Ол - Атырау облысының тумасы. Бүгін, 18 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікте бірқатар кадрлық өзгерістер жасаған еді. Тоқаевтың жарлығымен Қанат Бозымбаев энергетика министрі қызметінен босатылып, президент көмекшісі болып тағайындалды. Ал шілде айынан бері президент көмекшісі міндетін атқарған Мәулен Әшімбаев Дархан Кәлетаевтың орнына президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Кәлетаевтың қандай қызметке тағайындалғаны әзірге белгісіз.

Сонымен қатар, Мәдина Әбілқасымова ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен босап, жаңадан құрылған қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы болып тағайындалды. Ол наурыз айынан бері ұлттық банк төрағасының орынбасары болған. Бұған қоса, бүгін Тоқаев 2017 жылдан бері Қазақстанның Ресейдегі елшілігін басқарып келе жатқан Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатты.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысы әкімі міндетін атқарған Нұрлан Ноғаев энергетика министрі болып тағайындалды.

Материал qamshy.kz сайтынан алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521