Жылыойда тасқынға қарсы штаб жұмысын бастады

(0 Votes)

 Көктемгі су тасқынына қарсы күрес шаралары Жылыой ауданында да жүйелі жүргізілуде.

 Бұл жөнінде хабарлаған аудан әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ақмоншақ Әбілхасованың айтуынша, Жем ауылдық округі аумағында байқалған өзеннің қауіпті тұстары топырақпен биіктетіліп, нығайтылды. Сонымен қатар, Жемнің бойындағы Құржем шлюзінің маңы, Құрсай өзегінің осал жерлерінде де осындай жұмыстар жасалған. Бұдан бөлек, биылғы ақпан-наурыз айларында Құлсары қаласына қарасты Мешіт ауылының маңы, Қамыскөл жағалауы, «Атырау» шағынауданы және Шоқпартоғай ауылының маңайындағы бұзылған бөгеттер қалпына келтірілді. Қазір Қамыскөл жағалауының осал тұстары нығайтылып жатыр. Өр суынан қорғану бағытындағы жұмыстардың орындалу барысы аудан басшылығының бақылауында. Жем өзенінде туындауы ықтимал қауіптің алдын алу күн тәртібінде тұрған өзекті де күрделі мәселе.

Дәулетқали АРУЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521