baner

Жаңа қатқан мұздың қаупі жоғары

(0 Votes)

Әрбір азамат балық аулау, серуендеу, су айдынынан өту кезінде мұздағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға міндетті. Әсіресе жасөспірім балаларды мұқият қадағалап отыру керек. Күзгі-қысқы кезеңде су айдындарында мұз тұру кезінде балаларға коньки, шана және шаңғы айдауына жол берілмеу керек.

Мұз тұру кезеңі – су айдындарындағы алғашқы мұз жамалғысының пайда болуы. Біздің облысымызда мұз тұру кезеңі жылдың қараша мен желтоқсан айларына тап келеді.  Бұл кездегі алғашқы мұз жұқа, тұрақсыз, өте қауіпті . Осы кезде қайғылы оқиғаларға әкеліп соғып отыр.

Сол себепті, мұз тұру кезінде қайғылы оқиға орын алмас үшін мыналарды есте сақтаңыздар:

-жұқа, қатпаған мұзбен жүруге болмайды;

-шанамен, шаңғымен тік жарлы жағадан жұқа мұзға қара сырғанауға болмайды;

-кешкі және түнгі суықпен біріккен мұз қар суынан, күн жылынуынан, жұқа және борқылдақ болады;

-өзен, көл мен тоғандардың арғы бетіне өтер кезінде тек арнайы жабдықталған мұз өткелдерден өту керек;

 

Тыйым салынады:

-мұз қату кезінде су айдынының мұзына шығуға;

-өзен, көлдің жағасына ойнауға;

-жағадағы мұзда тұруға;

-мұздан су айдынының тереңдігін өлшеуге;

-қараңғы, түнгі мезгілде жұқа мұзбен өтуге;

-балдарды қараусыз қалдырып, жұқа мұзда ойнауға;

 

 Ата-аналар мен мұғалімдерге!

 Балалар қауiпсiздiгi-баршамыздың ортақ мiндетiмiз.Үлкендердің бақылауынсыз балаларды  мұз үстіне жібермеңіздер,  оларға  қауіп-қатер туралы ескертіңіздер. Балаларға күзгі-қысқы мезгілдегі су айдындарындағы тәртіп ережесін  түсіндірініздер, жұқа мұз үстінде ойнауға тыйым  салыңыздар, желікпе болудан  сақтандырыңыздар. Қолдан істелген тақтай, бөренелерге мініп, мұз үстіне серуендеуге рұқсат етпеңіздер.                   

Мұғалiмдер мұз айдынынан сақтандыру мақсатында тәрбиелiк iс-шараларды ұйымдастыру қажет. Мұғалімнің міндеті - көбінесе қайғымен аяқталатын суда  болатын оқиғалардан сақтандырудың барлық мүмкіндіктерін жасау.

Оқушыларға!

-күзгі-қысқы кезеңде мұзға шығуға тыйым салынады!

-қолдан істелген тақтай, бөренелерге мініп, мұз үстінде серуен құрмаңыздар!

-бөгеулерге, сал байлайтын орындарға жақын  жүрмеңіздер, ондай жерлерге ойын ұйымдастырмаңыздар!

-шұңқырларға, котловандарға, канализациялық люктер мен құдықтарға жақындамаңыздар!

-егер сіз мұз үстіндегі бақытсыз жағдайдың куәсі болсаңыз, сасқалақтамаңыз, үйге қарай  қашпаңыз, қатты дауыстап  көмекке  шақырыңыз, үлкендер

дауысыңызды естіп, бақытсыздықтан құтқарады

ауданның Төтенше жағдайлар бөлімі

 

Мақат тынысы

Жарнама

strakhovaniya

Күнтізбе

қаңтар 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Жарнама

ads_banner2

ban2