Жан-жақты түсінік берілді

(1 Vote)

Салық кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында  адам көп шоғырланатын  халыққа қызмет көрсету орталығында  «Салық-2020» акциясы өтті.

Республикалық науқан «Адалдық алаңы» ұранымен қолжетімділігі мен ашықтықтығын насихаттау мақсатымен «Қаржы министрлігі-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы шеңберінде халықтан келіп түсетін ұсыныстар мен сұрақтарға уақтылы жауап беру үшін өткізілді.  

img_9655

Аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстегі өзгерістерді түсіндірді.  Нақтырақ айтсақ,  микро және шағын бизнес компанияларын үш жыл мерзімге кірістен салық төлеуден  босатылады. Сондай-ақ, патент, бірыңғай жер салығы, тіркелген салық, ойын бизнес салығына салынатын қосымша салық жойылатындығын,  жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялау жөнінде,  бақылау-касса машиналарын  қолдануға қатысты  биылдан бастап БКМ қолдануға өтуді қарастыратын норма күшіне енеді.  Бейрезидентке салық салу туралы, әлеуметтік төлемдер бойынша қарызды өндіру бойынша  келген тұрғындарға түсіндірілді.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Сурет автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521