Волонтерлердің еңбегі әрдайым жоғары бағалануы керек - Президент

(0 Votes)
фото: ortcom.kz

Волонтерлердің еңбегі әрдайым жоғары бағалануы керек. Бұл туралы Халықаралық волонтерлер форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Жанашырлық қазақтың қанында бар қасиет. Халқымыз қиындыққа тап болған адамдардан көмегін аямаған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білген. Қазақстанға жер аударылған талай этнос өкілдерін бауырына басып, барын бөліскен. Сондықтан бүгінгі жиынның мақсаты халқымыздың болмысымен үндес екені сөзсіз. Мен БҰҰ-ның 75-сессиясында Халықаралық волонтерлерді жұмылдыру жылын жариялауды ұсындым. Бұл бастама осы тамаша дәстүрді одан ары дамыту үшін қажет», - деді Президент.

Мемлекет басшысы өткен аптада Түркістан қаласында Ұлттық құрылтайдың 2-отырысы өткенін еске салды.

«Сол жиында отаншылдық, адамгершілік, білімпаздық, үнемшілдік, еңбекқорлық, жанашырлық секілді құндылықтар бәрінен биік тұруға тиіс екенін атап көрсеттім. Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады. Меніңше, барлық еріктілерді адал азамат деуге болады. Өйткені, сіздер жауапты жұмыс, сауапты іс атқарып жүрсіздер. Мен волонтерлердің еңбегі әрдайым жоғар бағалануы керек деп санаймын. Сол себепті елімізде жыл волонтері халықаралық сыйлығы белгіленді. Бұл марапат белсенді еріктілерге беріледі. Сонымен қатар ерен еңбегімен көзге түскен еріктілер жыл сайын «Шапағат» медалімен марапатталады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521