baner

Шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеу қажет

(2 Votes)

Соңғы жылдары қаптаған автокөліктің арасынан шетелдік нөмірмен ызғытып жүретіндерді жиі көзіміз шалады. Автосалоннан жаңа көлік алуға жағдайы жоқ, тозған көлік алуға құлқы жоқ ел тұрғындары жаппай жағдайы тәуір шетелдік нөмірлі автокөлікке міне бастап еді. Осыдан біраз жыл бұрын қырғыз және ресейлік нөмірлі көліктер тізіміне қазір Армения темір тұлпарлары да қосылды. Елімізде негізінен жол ережесін жиі бұзатындар осы автокөлік тізгіндеушілері екен. Сол себепті автоматты режимде жол ережені бұзушы анықталғанмен, көлік иесі кім екендігі табылмай жататыны жасырын емес. Енді шетелдік нөмірлі көлік тізгіндеушілерге қатысты жаңа ереже қабылданды.  Шетелден әкелінген көліктер 10 күн ішінде тіркеліп, рәсімделуі тиіс. Талапты елемегендерге қатаң шара қолданылмақ. 

Жаңа ереже бойынша түсіндіру жұмыстарын «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында аудандық ішкі істер бөлімі өкілдері «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында өткізді. Онда Ішкі істер органдары мамандары тіркеу тәртібін тұрғындарға нақты түсіндірді. Қоғамда жиі талқыланып жүрген осы сұрақ бойынша өткен басқосуда сауалдарына жауап іздеп келген тұрғындар да көп болды. Оларға аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Нұрлан Азимов жауап берді.

img_9646

«Шет ел көліктерін Қазақстанға әкелгеннен кейін 10 күн ішінде тіркеу керек. Тіркелмеген жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық заңының  590 бабы, екінші бөлігіне орай, он айлық есептік көрсеткіш негізінде 26 510 теңге айыппұл салынады.

Ауданымызда кеден қызметі жоқ болғандықтан, тіркеу үшін Атырауға бару керек. АвтоЦОН орталығындағы қызметкерлер  жан-жақты түсіндіретін болады. Сондай-ақ, сол жақ рөлді көліктерге тыйым салынады»,- деп полиция капитаны келушілерді ақпараттандырды.                                                  

Сондай-ақ, қоғам мен билік арасын жақындату мақсатында ұйымдастырылған акция барысында ішкі істер бөлімі қызметкерлері жүргізушілерді жол қауіпсіздігі туралы ереженің сақталуына зейін қоюға шақырып, сапарларына сәттілік тіледі.

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

суреттер автордікі

 

Мақат тынысы

Жарнама

antikorruptsiya

Күнтізбе

ақпан 2020
ПВСЧПСВ
12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829

Жарнама

ads_banner2

ban2