Халыққа жақын партия

(1 Vote)

 «Nur Otan» халық партиясы болғаннан соң ел тағдыры үшін жауапкершілік жүгін арқалап, өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның және мемлекеттің дамуына жасалатын жағдайды жақсарту мақсатымен, экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Әсіресе, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы барлық игі бастамаларға ұйытқы болып, ортақ мүдде жолында күш біріктіріп, еліміздің көркейіп гүлденуіне өзінің үлесін қосып келеді.

Nur Otan партиясы аудандық филиалына келер болсақ,  ауданның тыныс-тіршілігін сезініп, соған іштей араласып, тұрмыста кездесетін түйіндердің шешілуіне қашан да оң ықпал жасап келеді.

Елбасының алға қойған «Қазақстан – 2050» стратегиясының жаңа саяси бағытын іске асыру жағдайында партияны ұзақ мерзімді дамытудың анық стратегиялық бағыт-бағдарын белгілеп алды. Ұзақ мерзімді болашақтағы партия қызметінің басты принциптері, негізгі құндылықтары мен басты басымдықтары нақты қарастырылған стратегиялық сипаттағы құжат қажет болды. Мұндай құжат бар. Бұл – партияның саяси Доктринасы. Бұл құжатты партиямыздың Конституциясы деп атауға болады, өйткені ол дамудың жаңа белестерін ашып, партияның идеялық танымдығын және құндылық бағыт-бағдарын айқындады.

Доктрина - өз мағынасында іс-әрекет жасауға бағыт беретін нақты нұсқаулар. Аудандық партия филиалы көтерген тағы бір құнды бастама «Өзіңнен баста!» деген ұран ауданда қолдау тапты. Бастаманың өзіндік ұтымды жақтары жетерлік. Әрбір басшы өзгеге үлгі көрсету мақсатында барлық істі өзінен бастау керек екенін білдіретін аталмыш акция осы күнге дейін жалғасын тауып келеді. Аудан, кент әкімінен бастап кез келген аудан немесе кәсіпорын басшылары өзінің қанша айлығы мен байлығы барын жалпақ жұрттың алдында жария етіп отыруы үлкен үрдіске айналды. Бастаманы «Жас Отан» Жастар қанаты қызу қолдап, олар өз кезегінде «Таза сессия» атты акция ұйымдастырады.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында заң ережелерін түсіндіру үшін, осындай шаралар кәсіпорындар мен үлкен ұжымдарда өткізіледі.

Билік пен қарапайым халық арасын жақындату жолында партияның аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі маңызды рөл атқаруда. Өткен 2019 жылы қоғамдық қабылдауға аудан халқы тарапынан 315 өтініш келіп түсті. Оның 14–і жазбаша, 301-і ауызша болғанын айта кетуіміз керек.

Толығырақ газетіміздің № 8 санынан оқи аласыз!

А. Мендалиева,

партия ардагері, депутаттық фракция жетекшісі

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                

                                                                                                                                                                                                                                                                                

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521