Атырауда Ассамблея мүшелері жаға бекіту жұмыстарына қатысуда

(0 Votes)

Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты этно-мәдени ұйымының мүшелері екі аптадан бері Алмалы селолық округінде жаға бекіту жұмыстарына қатысып жатыр. Атырау қаласы бойынша «қауіпті» учаскелер қатарына енгізілген Алмалы селолық округінің орталығында еңбек етіп жүрген Ассамблея мүшелері қиындықтан жеңіспен шығатынымызға сенімді. 

Бөгет соғу, құмға қап толтырып, оны тасымалдау жұмыстарын екі ауысымда атқарып жатқан Ассамблея мүшелерінің бірі «Тхониль Атырау» корей этно-мәдени ұйымының төрайымы Людмила Ли. 
                                                                                                                                      
«Тасқын басталғалы бері қала тұрғындары бір адамдай жаға бекіту жұмыстарына шықты. Біз әу бастан Ассамблеяға қауіпті  учаскені беруін сұрадық. Қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша он сегіз этно-мәдени ұйым бар болсақ, барлығымыз үлкен, жасымыз бірлесіп, қаламызды қорғауға қатысып жатырмыз.
Жастарымыз күндіз жаға бекіту жұмыстарына қатысса, кешке қалаға барып, гуманитарлық көмекті қабылдауға көмектесіп жүр» дейді «Тхониль Атырау» корей этно-мәдени ұйымының төрайымы Людмила Ли.  
«Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени ұйымының Атырау облысы бойынша өкілдігінің төрағасы Нурид Тикаев атыраулықтарды қиындыққа бірлесіп қарсы шығуға шақырды.
Еске сала кетелік, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты 18 этно-мәдени ұйым бар. Қазіргі уақытта аталған ұйымдардың екі жүзден астам мүшесі Атырау қаласында Жайық жағалауын бекіту жұмыстарына және гуманитарлық көмек көрсету орталығында ерікті болып еңбек етуде.

Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521