baner

Атырау облысына демеушілер қаржысына алынған медициналық заттардың жаңа легі келді

(0 Votes)

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Атырау қаласына кіреберістегі 4 санитарлық бекетті аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің айтуынша, қауіпті инфекцияның алдын алу жұмысы күн сайын күшейтілуде. Қаңтар айында арнайы құрылған облыстық комиссия көптеген жұмыс жасап үлгерген.

«Бүгін қаланың кіреберісіндегі санитарлық төрт бекетті аралап көрдім. Онда шаһарға кіретін жеңіл көліктердің бәрі тоқтатылып, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жолаушылардың қызуын өлшеп, аты-жөні мен байланыс жазып алып, мәлімет жинақтауда. Алдағы күндері тиісті мамандар саны арттырылып, жұмыс күшейтіледі» - деп жазды әкім Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, демеушілер көмегімен алынған қосымша медициналық және гигиеналық заттардың жаңа легі келген. Сонымен қатар, облыс көлемінде 1,8 мыңға жуық стационарлық орын әзірленді.

inform.kz

Мақат тынысы

COVID 19

covid

Күнтізбе

сәуір 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Жарнама

ads_banner2

ban2