baner

Атырау халықаралық әуежайына Хиуаз Доспанованың есімі берілді

(0 Votes)

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Атырау халықаралық әуежайына аты аңызға айналған ұшқыш, Қазақстанның халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алты министрліктен рұқсат алдық. Әуежайға қазақтың батыр қызы Хиуаз Доспанованың есімін беру үшін республикалық ономастикалық комиссия ресми шешім қабылдады», - деп мәлім етті облыстық тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Жеміс Дияшева.

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Атырау облысында дүниеге келген. Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, ұшқыш, штурман-атқыш, Халық қаһарманы. 1940 жылы Оралдағы №1 орта мектебін үздік бітірген. Ұшқыштық өмір жолын Орал аэроклубында бастап, кейін соғысқа аттанады. Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған.

Хиуаз қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Беларусь, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды.

2008 жылы 21 мамырда Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

inform.kz

Мақат тынысы

COVID 19

covid

Күнтізбе

сәуір 2020
ПВСЧПСВ
12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930

Жарнама

ads_banner2

ban2