5 вагонды пойыз Құлсарыдан Атырауға жолаушыларды тегін тасымалдайды

(0 Votes)

Бүгін Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Атырауға 5 вагоны бар жолаушылар қатынай бастайды. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Жылыой ауданының тұрғындары үшін 5 вагоны бар жолаушылар пойызын іске қосты.

«Жолаушылар пойызы 5 сәуір сағат 10:30-да Құлсары теміржол стансасынан жүреді. Ал, Атырау қаласынан Құлсарыға қарай кешкі сағат 19:00-де жолға шығады. Жолаушылардың сұранысымен жолдағы Мақат және Шоқпартоғай стансаларына да тоқтайды. Бұл үшін жолаушылар жолсерікке алдын ала ескертуі керек. Пойыз жолаушыларды тегін тасымалдайды» деп хабарлады Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жылыой ауданында Жем өзенінің суы 2 метр 53 см-ге көтерілгенін жазған едік.

Құлсары қаласындағы көпір уақытша жабылды.

Сондай-ақ, Атырау облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланған еді.

Бүгін Құлсарыдан Доссорға дейінгі жолдың бір бөлігін су басты.

Атырау полицейлері Қарағай ауылындағы үйлерді тәулік бойы бақылауға алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521