Ойыл арнасынан асты: ТЖД өкілі Миялы ауылындағы ахуалды баяндады

(0 Votes)
Ойыл өзенінің Миялы ауылына тудырған қауіпі сейілер емес

 Құтқарушылар қазіргі уақытта Қызылқоға ауданының Миялы ауылындағы қорғаныс бөгеттеріне нығайту жұмыстарын, сонымен қатар бөгеттерге қаптарды топырақпен толтыруға жұмылдырылған. 

Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Жантөре Демешовтің хабарлауынша, 31 наурыз күні Ойыл өзенінің арнасынан асып Миялы ауылына қауіп төндіруіне байланысты, құтқарушылар Қызылқоға ауданының тұрғындарын эвакуациялауда.

"ТЖД-нің қазіргі уақытта Қызылқоға ауданында 90 қызметкер, 9 техника және төрт бірлік қайықтары бар” деді Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Демешов Жантөре Сәндібекұлы.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521