Мақат ауданында жанар жағармай станциялары жоқ

(0 Votes)

Орталық коммуникация қызметінде Мақат ауданының әкімі Кейкин Шәкір Кейкинұлы қатысуымен есеп беру брифингі өтті.

Мұнай өндірісі өрістеп тұрған аймақта орналасқан Мақат ауданында жанар жағармай станцияларының жұмысы тоқтап тұр. Халық Доссор кентіне барып көліктеріне бензин құюға мәжбүр. Бұл мәселе туралы аудан әкімі: «Мақат кентінде жанар жағармай орталықтары  уақытша жұмыс жасамай тұр. Жалпы ауданда екі ЖҚС болған. Оның бірін өзге компания сатып алып жөндеу жұмыстарымен тоқтап тұрса, екіншісі салықтық мәселелерге байланысты жұмысын тоқтатқан. Қазіргі таңда бұл мәселені шешу үшін аудан әкімдігі 2 жерді аукционға әзірлеп отыр. Жеке кәсіпкерлер мен арнайы компаниялардан ұсыныстар түсуде»-деді  Шәкір Кейкин. 

Екі кент пен бір ауылдық округтен тұратын ауданға Қызылқоға ауданының 413 мың гектар жері қосылады. Қазіргі таңда  арнайы құжаттамалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2020 жылдың наурыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Сонда аудан 2есе өседі.

Өңірде үлкен стадионның  құжаттамасы әзірленіп, құрылысы 2020 жылға жоспарланып отыр.

 

ATPress.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521