"Жырым сенсің, туған жер!»

(0 Votes)
"Жырым сенсің, туған жер!»
фото: Өнер мектебінен алынды

 Осындай атаумен жақында ауданның 100 жыл толуына орай Рыспай Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің концерті өтті. 

Мерекелік концерт алдымен бейнелеу өнерінің көрме көрінісімен бастау алды. Әрі қарай, мұғалімдер ансамблі, "Шалқыма", "Сазген", "Батыс" домбырашылар ансамблі өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ, "Ай -Ханша", "Гауһартас" би тобы мың бұралып би билесе, жеке орындаушылардың орындауындағы әндер жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. "Қобызшылар" ансамблі мен дәстүрлі ән сыныбының оқушыларының орындауындағы қазақ әндері де кешті одан әрі жандандыра түсті.

Шара соңында мерекелік кешке арнайы қатысқан аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақмарал Исабайқызы мен ардагер ұстаздар құттықтау тілегін жеткізіп, шығармашылық ұжымға сәттілік тіледі.

Концертті тамашалауға келген көрермендер де өнер мектебі ұжымына алғыстарын білдіріп, жақсы көңіл-күйде тарқасты.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521