Муайтайшылардың қоржынында 9 алтын

(0 Votes)

Тұңғыш Президент күніне орай Атырау мұнай және газ университетінде муай-тайдан балалар мен жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті.

Сайыстың мақсаты үлкен спортқа қадам басқан жас спортшылардың тәжірибесін арттыру болып табылады. Сайысқа 160-қа жуық жас өрен қатысып, өзара үздіктерді анықтады.

123

Чемпионаттың ашылу салтанатында облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бас маманы Ернұр Нетжанов пен спорт ардагері Рахман Айбат сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

whatsapp-image-2019-12-03-at-15_56_131

Дүбірлі сайысқа доссорлық жас муайтайшылар да қатысып, үздіктер қатарынан көрінді. Тынышқалиев Жомарт (57 кг), Түгелбай Ернар (38 кг), Полфунтиков Кирилл (30 кг), Елеубаев Арсен (45 кг), Полфунтиков Богдан (34 кг), Түгелбай Ерназар (30 кг), Бисенбай Арсен (32 кг), Маратұлы Арсен (38 кг), Қайратұлы Рамазан (48 кг) алтыннан алқа тақса, Мергенбай Рамазан (36 кг), Құбайдолла Әділет (30 кг), Саулебаев Диас (38 кг) күміс жүлдеге ие болды. Бәуеден Әлихан (30 кг), Болатқали Әли (27 кг), Нұржанұлы Батырхан (34 кг) қола жүлдені місе тұтты.

whatsapp-image-2019-12-03-at-15_56_13

Биыл муай-тай спорты нәтижеге толы болды. Спортшылар ересектер мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарында жүлделі орындарға ие болып, ел чемпионаттарында үздіктер қатарынан түскен емес. Бұл жолы да аудан спортшыларының қоржыны 9 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдеге толықты.

whatsapp-image-2019-12-03-at-15_56_12

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521