Мәдениетті дамыту - маңызды қадам

(1 Vote)

Аудандық өнер ұжымдарының «Өнер мәңгі» атты есеп беру көнцерті аудандық мәдениет үйінде өтті.  Салтанатты шара «Тұран» тобының орындауындағы «Шын жүректен» әнімен сахна шымылдығын ашып, «Шаттық» би тобының композициялық қойылымымен көрерменді тебірентті.

Шараны аудандық мәдениет үйінің басшысы К.Тулебаева алғы  тілегін білдіріп, көркемөнер ұжымдарының жанр бойынша жұмыс бағыттары мен шығармашылық ұжымдар туралы айтып өтті.

 Мәдениет-барлық бағытты, барша саланы қамтитын құндылықтарымыздың жиынтығы. Мақат, Доссор мәдениет үйінің қызметкерлері мен көркемөнер ұжымдары жыл сайын көптеген жетістіктерге жетіп, түрлі байқау, фестивальдардан олжалы оралып келеді. Аудан  бойынша 11 көркем өнер ұжымы, 3 үйірме жылдар бойы аудан халқына қызмет етеді.

Шарада өнерпаздар өнерлерін ортаға салып, көрермен ықыласына бөленді. «Сымбат» үлкен би тобы  «Қазақ биін» мың бұрала билесе, «Сымбат» кіші би тобы да қалыс қалмай, «Тышқандар» биімен сахнаға жан бітіргендей болды.

i

Ауданымыздың барлық өнер ұжымдары мен үйірме жетекшілері оқушыларының биік белестерден көрініп,  аудан мәдениетін көтеру үшін аянбай еңбек етіп келеді.

Бұл ретте шәкірт тәрбиелеу, оның жетістікке жетуі, биіктерден көрінуі ұстазға байланыс­ты екенін айта кеткен жөн. Аудандық мәдениет үйі жанындағы би үйірмесінің түлегі, жас биші А.Жылқыбай «Үнді» биін билеп, өнерден кенде емес екенін көрсетті.

Аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған би үйірмесіне Н.Базаркулова жетекшілік етеді. Мұнда 54 оқушы би өнерінен дәріс алып келеді. Халықаралық, республикалық байқаулардың жүлдегерлері «Шаттық» үлкен, кіші, «Сымбат» үлкен, кіші би топтары ауданымыздың мақтаныштары деп айтуға болады. Өткен жылы да би ұжымдары біраз белестерді бағындырды.

 Жас өнерпаз әнші А.Хасанова  С.Махамбеттің «Қазағым» әнімен,  аудан өнерпазы А.Биманова А.Дүйсеновтің «Туған жер», Д.Сердалиннің «Бұлбұлым» әнін шырқап, көрерменнің жүрегіне жол тапты.

Халықтық  ұлт аспаптар оркестрі, республикалық дирижерлер байқауының лауреаты С.Жұмашева жетекшілік ететін оркестр ұжымы көрермендер  назарына Құрманғазының «Сарыарқа», Н.Тілендиевтің әндерінен попурри, қырғыздық композитор А.Огонбаевтың «Маш ботой» күйлерін орындады.

С.Неталиев жетекшілік ететін «Мақат әуендері» вокальды аспаптық ансамблінің репертуары күннен-күнге жаңарып келеді. Ансамбль   ауданның мәдени шараларында өнерін көрсетіп келеді.  Бұл жолы да  ансамбльдің сүйемелдеуімен  жеке орындауда Б.Жалмұханов А.Сейітовтің «Елге сапар» әнін шырқап, ансамбль Т.Мұхамеджановтың «Махаббат бекеті» композициясымен  көрерменнің қошеметіне бөленді.

img_0210

Жанұялық ансамбльдер - көрермен көңілінен шығып жүрген ұжымдар. Өнерлі Тіріжановтар, Арыстановтар жанұялық отбасылары кеш қонақтарының ыстық ықыласына бөленді.

Өнер саласының ішінде театрдың алар орны қашан да биік. Көрермен көңілін нұрға, жүрегін жырға бөлейтін де, қоғамның рухына дем, ішкі жан дүниесіне ем беретін де театр өнері.

Мәдениет үйі жанындағы халықтық театр ұжымы көрерменін көптеп жинаған  ұжым деуге болады.  Шара барысында «Гиппократ», «Сыпайы күйеу» әзіл-сықақ қойылымдары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

img_0165

«Әжелер» ансамблімен  жеке орындауда  Ж.Сисенбаев халық әні «Тойбазарды»  нақышына келтіре шырқады.

i

Шарада аудан әкімінің орынбасары О.Айкашева өнер ұжымдарына шығармашылық табыс тілеп, аудан әкімі атынан алғыс хат пен ықылас гүлін табыс етті.

Сазды бағдарлама «Тұран» триосының «Шәмші әндерінен попурри» орындап, көрермендермен бірге қосылып ән айтып, есептік концерт Қ.Рахымның «Мен қазақпын» әнімен қорытыланды.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521